• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда алғаш рет инвестициялық пікірталас бойынша жеке сот жұмысы құрылды

Қазақстанда алғаш рет инвестициялық пікірталас бойынша жеке сот жұмысы құрылды

1 Ақпан, 2016 13:34
Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айынан бастап республикамызда инвестициялық пікірталас бойынша жеке сот жұмысы құрылды, деп Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтып өтті.

«Инвестициялық тартымдылықты кеңейту қазіргі заманғы экономиканың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. ҚР Жоғарғы сотымен Ұлт жоспары аясында көптеген жұмыстар іске асырылды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айынан бастап республикамызда инвестициялық пікірталас бойынша жеке сот жұмысы құрылды. Ол инвесторлардың қатысуымен бұзылған құқықтар мен заң мүдделірін қайта қалпына келтіруге, құқықтық айқындылық принципін іске асыруға, инвестициялық тартымдылыққа  байланысты мәселелер бойынша болжам жасауға септігін тигізеді»,-деді А.Қыдырбаева.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген АІК Астана мен ҚР Жоғары Сотында инвесторлардың деңгейіне орай бірінші соттық сатысында инвестициялық пікірталаста азаматтық істі қарастыруға септігін тигізеді.

«Бұрындары осындай жұмыстар жалпы соттар мен арнайыландырылған экономикалық соттарда қарастырылды және шағымдану ұзақ сатыда болды. 4 сатыдан өтілді. Сол себепті ҚР Жоғары соты өздерінің арнайы мамандандырылған сот коллегиясын жүргізді. Оның құрамына 7 төреші кірді. Коллегия барысында ірі инвесторлардың қатысуымен істерін қарау, жағдайларды апелляциялық қарау, Астаналық соттармен инвесторлардың қатысуымен істерді қарастыру жұмыстары жүргізілді»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар