Дәрігерлеріміз бәсекеге қабілетті болу керек – Е.Байжүнісов

12 Қараша, 2013 17:28
Біздің дәрігерлеріміз бәсекеге қабілетті болулары керек, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов ОКҚ брифингінде.

«Студенттерді біз баяғыдай дайындап жатырмыз. Қазір біз олардың тәжірибелік жетілуіне мән бере бастадық. Дәрігерлеріміз барлығын өз қолдарымен жасап үйренулері керек. Сол себепті біз шартты түрде оқытып, кейін ауруларды емдеуге жібереміз. Біздің ақ халатты абзал жандарымыз өңірлерде 4-6 айдан жұмыстарының орнын толтырып, түнделетіп кезекшілікке қалады», - деді Байжүнісов.

Вице-министрдің айтуынша, коммуникативті мамандануға көп мән берілмек. «Демек науқастармен сөйлесе алу, олардың туған-туыстарымен дұрыс  тілдесе алу, ұжыммен жақсы араласу өте маңызды. Бірінші курстан бастап біз дәрігерлердің халықпен жақсы сөйлесе алуын қадағалаймыз. Қазіргі таңда 80 пайыз келіспеушіліктер дәрігерлердің науқаспен дұрыс сөйлесе алмауынан туындайды», - деп нақтылады.

Оның айтуынша, құқықтық мәселе мен өзінше білім алу жағдайында кебір келеңсіздіктер бар.

«Біз студенттерді өзінің және науқастың құқықтарымен таныстырамыз. Бұл қалыпты дүние. Мұндайда Америкада соттасып жатады. Сөз соңында айтарым - өзінше білім алу туралы. Жыл сайын 20-25 пайыз ақпарат жаңарып отырады. Сол үшін дәрігерлеріміз бәсекеге төтеп бере алулары керек», - деп түйіндеді вице-министр.

Барлық жаңалықтар