• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Рахметулин: 2015 жылы сотталушылардың салыстырмалы салмағы 13 пайызға азайды

А. Рахметулин: 2015 жылы сотталушылардың салыстырмалы салмағы 13 пайызға азайды

1 Ақпан, 2016 12:29
2015 жылы сотталушылардың салыстырмалы салмағы 13 пайызға азайды, деді ОКҚ-да Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот ұжымының төрағасы Абай Рахметулин.

«2015 жылы 2014  жылғымен салыстырғанда 10,4 пайызға  жоғары  сотқа түскен істер  қаралды. Жаңа замңнамалық база сот қорғалуын кеңейтуге мүмкіндік берді. Ақталып шыққандар қатары 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 55 пайызға өсті. Егер 2014 жылы ақталғандар 478-ді құраса, 2015 жылы 743 адамды құрады», - деді А.Рахметулин.

Оның айтуынша, мерзімінен бұрын бостандыққа шыққандар саны 9000, қылмысы жеңілдетілген 5520 адам бар.

«2015 жылы  соттар бас бостандығынан айырғандар саны 25,5 пайызды құрады, ол 2014 жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеп отыр. Қорытындысында, Қазақстан сотталушылар саны бойынша әлемдік рейтингте 55 орынға түсті. Мың халыққа 233 сотталушыдан болып отыр», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар