- Басты
- Жаңалықтар
- «Ауыл» партиясы сайлауалды партия бағдарламасының негізгі тезистеріне тоқталды
«Ауыл» партиясы сайлауалды партия бағдарламасының негізгі тезистеріне тоқталды
«Біздің партияның платформасы тәжірибелікқ жұмысты әзірлейді. Сонымен қатар, теориялық пікірталастар, рухани-адамгершілік құндылықтардың ішкі партиялық талқылануы, әлеуметтік әділеттілік дамуға маңызды үлес қосады. Осы жұмыстардың барлығы біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді айқындауға септігін тигізді»,-деді Ә. Бектаев.
Оның айтуынша,партия елдің экономикасын жаңа деңгейге көтеру, жаһандық дағдарстан шығудың жолдары атты мемлекеттік стратегияны қолдайды. Сайлауалды бағдарламаның негізгі қағидаты- Қазақстанның ұлттық-мәдени бастауын қайта жандандыру мен халықтың дәстүрлі құндылықтарын дамыту болып келеді.
«Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы бес бөлімнен тұрады. Біріншісі – «Ұлы мәдениет-жарқын болашақ»- дәстүрлі құндылықтардың рухында өскелең ұрпақты тәрбиелеу арқылы еліміздің дамуы үшін негізді анықтайды. «Ауыл» партиясы ұлттық дәстүрлердің сақталуы мен дамуына көп үлесін қосатындықтарын айтып өтті.
Екінші – «Ауыл-елдің алтын бесігі»-ауылды негізгі моральдық-этникалық дәстүр ретінде қарастырады, ал оның дамуы елдің толыққанды жаңғыртуының үздік тәсілі болып келеді. «Ауыл» партиясы «Ауылдың инфрақұрылымы» атты мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ұсыныс білдірді.
«Ауылда 8 млн адам немесе 45 % елдің тұрғындары тұрады. Ауыл шаруашылық өндірісі Қазақстанның ұлттық экономикасының ең ірі және дәстүрлі сала болып табылады. Оның дамуы-еліміздің экономикасының өрбуіне септігін тигізеді»,-деді Ә.Бектаев.
Үшінші бөлім- «Әлеуметтік даму - рухани прогресс негізі»- ақылы алшақтықты азайту үшін бюджеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету , салтанатты салық енгізу, медициналық көмектің сапасы бойынша ауылда ұлттық стандарттар құру мәселесін қарастырады.
«Ауыл» партиясы үш немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырғандарға «отбасылық жалақы» төлеуді ұсынды. Бұндай мәлімдемені партия төрағасы Ә.Бектаев бағдарламаның төртінші «Нақты қазақстандық отбасыға нақты қолдау» атты бөлігінде айтып өтті.
Бесінші бөлім «Жастарға жол»- еліміздің жастар саясатына әлеуметтік қорғау мен ынталандыру жұмыстарын жүргізеді. Сайлауалды бағдарламаның бесінші бөлігі аясында партия орта арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектеріне бірінші жұмыс орындарын үлестеуге, және шәкіртақыны өсіру туралы айтып өтті.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Науқас балаларға донор табу: негізгі проблемалар қандай -
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты