• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық делегация Аддис-Абебада Африка одағының 26-шы Ассамблеясына қатысты

Қазақстандық делегация Аддис-Абебада Африка одағының 26-шы Ассамблеясына қатысты

1 Ақпан, 2016 17:48
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастап барған қазақстандық тарап Африка одағының 26-шы Ассамблеясына Эфиопия астанасы Аддис-Абебада бақылаушы ел ретінде қатысты, деп хабарлайды сыртқы істер ведомствосы.

Аталмыш шара АО «Африканың күн тәртібі-2063» бағдарламалық құжаты негізінде Африка елінің дамуы мен алға қойған мақсаттарын айқындап, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруға арналған. Онда құрлықтың инвестициялық әлеуеті мен экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғаужәне көші-қон саясатын жүргізу мәселелері де қозғалды. 2015 жылы әйелдердіңқұқығы мен мүмкіншілігін кеңейту мәселелері бойынша гендерлік теңдіктіңмаңыздылығы жөніндегі қорытынды да талқыға түсті.

 АО Саммитінде қазақстандық тарап  (Special Event) «Африканың тұрақты дамуы мақсатын көздейтін Юг-Юг  бірлескеніс-қимыл» тақырыбында БҰҰ  мен екіжақты арнайы шара ұйымдастырды. SpecialEvent жұмысына африка мемлекеттерінің сыртқы саясат ведомство басшылары  және халықаралық ұйым басшылары қатысты.

Өз сөзінде Е.Ашықбаев Қазақстанның бұл мәселелерге қатысты жетістіктері жөнінде хабардар етті. Сондай-ақ, жаһандық Юг-Юг қозғалысының мақсатты даму бастамасына еліміздің  қосар үлесін айтты. «Қазақстан 2050» Стратегиясымен күн тәртібіндегі «Африка-2063» бағдарламасының мақсатты көзқарастарын жүзеге асыру шеңберіндегі жоспарлар да аталып өтілді. Қатысушыларға БҰҰ менбірлескен жоба бойынша «Африка елдері сыртқы істер министрлігінің даму мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесу» жолдары туралы қажетті ақпараттар берілді.

 Special Event қонақтары БҰҰ 70-ші сессиясын 2017-2018 жылдары алға жылжыту жөніндегі және Экспо 2017 көрмесін өткізетіні туралы Қазақстан Республикасының ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамасынан хабардар болды. ҚР кандидатурасын қолдауға және көрмеге қатысуға барлық дәлелдер мен дәйектер келтірілді.  

Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан Ислам ұйымын құру мәселесі қатысушылардың назарына ұсынылды. Бұл Қазақстанның Африкада аштық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мәселені шешудегі маңызды бастамасы.   

Эфиопияның сыртықы істер министрі Тедрос Гербрейесус Қазақстанның африка елдеріне техникалық көмегі, әсіресе БҰҰ  арқылы өте маңызды екенін атап өтті.  Бұл орайда, ұзақмерзімді дамуда, елдер арасындағы қарым-қатынастың нығаюы аса маңызды екенін баса айтты.

 Африка одағы Саммитінің аясында қазақстандық делегацияның басшысы АО комиссиясының төрағасы Нкосазаной Дламини-Зуммен және  Алжир, Ботсван, Бенина, Ганы, Гамбии, Гвинеи,Либерия, Намибия, Нигера, Малави, Камерун, Кабо Верде, Коморск Аралдары, Свазиленда,Сейшель аралы, Сенегал, Сьерра Леоне, Экваторлық Гвине, Эфиопия және Оңтүстік  Суданның сыртқы саясат ведомство басшыларыменкеліссөз жүргізді. Ондағы талқыланған мәселелерде алдағы уақытта бірлесіп жұмысістеу мен халықаралық форум алаңдарында маңызды бастамаларға өзара қолдау көрсету жайы айтылды.

Аталмыш кездесуде Африканың сыртқы саясат ведомство басшыларына ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың екіжақты және жанжақты байланысты нығайту туралы ұсыныстар айтылған хаты табысталды. Сонымен қатар, ҚР Президентімен Премьер-Министрдің ЭКСПО-2017 көрмесіне шақыру хаты және Ислам ұйымыазық-түлік қауіпсіздігі Бас ассамблеясымен бірлесе жұмыс атқару жөніндегіұсыныстары жеткізілді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар