• Басты
  • Жаңалықтар
  • О.Әбдікәрімов: Қазақстанның 2021 жылы жемқорлығы аз 50 ел қатарына ену жүзеге асарлық мақсат

О.Әбдікәрімов: Қазақстанның 2021 жылы жемқорлығы аз 50 ел қатарына ену жүзеге асарлық мақсат

1 Ақпан, 2016 11:49
Елбасы 2021 жылға таман жемқорлығы аз 50 елдің қатарына ену мақсатын жүктеді. Бұл бәрінінен бұрын біздің қоғамға байланысты. Бұл туралы Мемлекеттік қайраткер, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚҰ жетекшісі Оралбай Әбдікәрімов.

«Елбасы 2021 жылға таман жемқорлығы аз 50 елдің қатарына ену мақсатын жүктеді. Бұл бәрінінен бұрын біздің қоғамға байланысты. Біздің «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысымыз жемқорлықпен күреске бағытталған ұйым. Бұл орайда барлық облыстарда филиалдар, өкілдіктер жұмыс істеуде. Біз жемқорлыққа қарсы бағдарламаны насихаттаумен, жемқорлыққа қарсы ұстаным пайда болуын  қалыптастырамыз.  Қазір мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған заңдар жұмыс істеуде. Мемлекеттік органдар жанында этика бойынша кеңе құру  - жемқорлықты азайтудың кәсіптік әдісі», - деді ол.

Оның айтуынша, бағдарлама 5 институционалды реформа «100 нақты қадамды» жүзеге асыру бойынша қабылданды.

«Жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың бірі – бұл ашық  үкімет, Президенттің тапсырмасы бойынша ол жақында жұмысқа кіріседі. Қалалық, аудандық, облыстық мәслихаттар жанынан қоғамдық кеңестер құру қарастырылуда. Бұл кеңестердің құзыреті заңнамалық түрде бекітілді. Ақпараттың қолжетімділігі туралы заң қабылданды, бұл бағыттар жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған», - деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар