• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы Қазақстан астық пен ұн экспортын арттырды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

2013 жылы Қазақстан астық пен ұн экспортын арттырды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

12 Қараша, 2013 17:24
Ағымдағы маркетингілік жылы Қазақстан астық және астық эквивалентіндегі ұнды экспорттауды арттырды, деп Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.

«Ағымдағы маусымда қазақстандық астық экспортын арттыру тенденциясы байқалуда. 1 шілдеден бастап астық эквивалентіндегі ұнды қоса есептегенде 2,8 млн тонна астық экспортталған», - деді А.Мамытбеков.

Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап тиелімдерді талдасақ, олар өткен маркетингілік маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21% өсумен 1,8 млн тоннаны құрады.

«Қазан айында экспортқа 1 млн тоннаға жуық астық пен ұн тиелген, бұл ағымдағы жылдың қыркүйек айынан 62%-ға, және де өткен жылдың қазанынан 44%-ға артық. Ұн экспорты қыркүйекпен салыстырғанда  65%-ға өсті», - деп басып айтты министр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша республикада 12,9 млн тонна астық, соның ішінде азықтық – 11,1 млн тонна шамасында, жемдік – 1,1 млн тонна, тұқымдық - 0,7 млн тонна астық бар. Азық-түлік  корпорациясында 2,1 млн тонна астық бар, соның ішінде мемлекеттік астық қоры – 0,5 млн тоннаны, коммерциялық астық қоры – 1,6 млн тоннаны құрайды.

Өсірілген астықты сақтау мәселесіне қатысты А.Мамытбеков «астық сақтауға қатысты мәселе» туындамайды деп сендірді.

Сонымен, ведомство басшысының мәліметінше, астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелуі 37%, оның ішінде солтүстік өңірдегі АҚК бойынша - 38% құрайды.

Барлық жаңалықтар