ЕҰУ мен ҚазҰУ студенттері ҚР Парламентінің тарихымен танысты

1 Ақпан, 2016 18:06
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері Қазақстан Республикасының Парламентіне барды.

Сенат хабарлағандай, шара барысында болашақ заңгерлер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар заңнамалық органның мекемесін аралап, Сенат  пен Мәжілістің отырыс  залдарын аралады.

Сапар абарысында Сенат пен Мәжіліс аппаратының қызметкерлері екі  палаталы Парламенттің тарихымен танысты. Оның бірінші отырысын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1996 жылдың 30 қаңтарында, 20 жыл бұрын ашқан болатын. Студенттерге әр түрлі шақырылым депутаттарының қызметі туралы айтылды.

Парламентке барған сапар аясында Сенат депутаты Бірғаным Әйтімовамен кездесу өтті. Ол қазақстандық парламентаризмнің дамуы бойынша баяндама оқып, студенттердің қойылған сұрақтарына жауап берді. 

Барлық жаңалықтар