• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Ақшолақов: Жеке меншік клиникалар кепілдендірілген көмек көрсетуге құқылы

С.Ақшолақов: Жеке меншік клиникалар кепілдендірілген көмек көрсетуге құқылы

1 Ақпан, 2016 11:19
Жеке меншік клиникалар кепілдендірілген көмек көрсетуге құқылы, деді ОКҚ-да Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының бас директоры Серік Ақшолақов.

«Бұл әлемдік тәжірибе Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осы бағытта жұмыс істеуде. Меніңше, жеке клиникалар кепілдендірілген көмек көрсетуге құқылы. Аталмыш шара халыққа көрсетілетін  сапалы көмек бойынша бәсекелестік тудырады», - деді ол.

Осыған дейін Қазақстанда мемлекеттік медициналық көмек көрсетуде жекешелік саласы ұлғайтылатыны айтылды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде айтқан болатын. Сондай-ақ, республикада әлеуметтік нысандарды салу бойынша мемлекеттік-жекешелік серіктестік кеңінен дамуға ие болады.

Индира Кауметова
 

 

Барлық жаңалықтар