- Басты
- Жаңалықтар
- В.Салахов: ҚР Президенті Н.Назарбаев барлық мемлекеттік салаларды жаңғыртуға баса назар аударды
В.Салахов: ҚР Президенті Н.Назарбаев барлық мемлекеттік салаларды жаңғыртуға баса назар аударды
«Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы бүкілхалықтық партия дәрежесіне көтерілді. Партия съезінде нақты шешімдер қабылданды, бір сөзбен айтқанда, еліміздің даму стратегиясы қабылданды. Менің ойымша, бұл жүктелген міндеттерді орындауға мүмкіндігіміз жеткілікті»,- деді В.Салахов.
ҚХА мүшесі айтып өткендей, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау– бүгінгі уақытқа лайық шешім. Бұл өз кезегінде билік өкілдерінің құрамын сапалы жаңартуға мүмкіндік береді.
«Президент барлық мемлекеттік салалардың жаңаруына аса мән беріп отыр. Ол – үлкен саяси стратег, ол дер кезінде әрекет етудің сәті туғанын жақсы біледі. ҚР Парламенті Мәжілісін тарату, кезектен тыс партия съезін өткізу, мерзімінен бұрын сайлау өткізу – сөз жоқ, дұрыс шешім. Барлық мемлекеттік салаларда жаңару болады, жаңа мамандар мен жаңа идеялар арқылы бұдан әрі дамуымыз айқындалады. Әлемде экономикалық және саяси дағдарыс жүріп жатқаны белгілі. Осы тұрғыда бұл дәл уақытында қабылданып отырған шешім»,- деді ол.
Еске сала кетейік, қаңтардың 20 күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымын тарату туралы және 2016 жылдың 20 наурызында төменгі палатаның кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қойған болатын.
Анар Тәңірқұлова
Фото: sia.az
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді