- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Мелдешев: Мәслихатқа ұсынылған үміткерлердің орташа жасы -41
Б.Мелдешев: Мәслихатқа ұсынылған үміткерлердің орташа жасы -41
Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылғы 1 ақпандағы таңғы сағат 10-дағы жағдай бойынша республикада мәслихаттар депутаттығына барлығы 1050 кандидат ұсынылды.
«Олардың ішінде:107 – сі облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарға;804 -і аудандық мәслихаттарға;139 -ы қалалық мәслихаттарға.2 кандидатты саяси партиялар, ал 1048-і өзін-өзі ұсынды.Қазіргі сәтте ұсынылған кандидаттардың басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (239 адам), Қарағанды (197 адам), Шығыс Қазақстан (132 адам) және Қостанай (95 адам) облыстарында ұсынылды», - деді Б.Мелдешев.
Ұсынылған кандидаттардың 5-еуі Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері, 553-і партияда жоқ, тағы 492-сі өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген.
«Ұсынылған кандидаттардың арасында 16 ұлттың өкілі бар.Ер адамдар – 693 (66 %), әйелдер – 357 (34 %). Орташа жасы - 41 жас.720 кандидаттың (68,6 %) жоғары білімі, 257 - сінің (24,5 %) арнаулы орта және 72-сінің (6,9 %) орта білімі бар», - деді ол.
Кандидаттардың 56 %-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 38%-ы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 6 %-ы – басқа кәсіппен айналысады.Округтік сайлау комиссиялары 28 кандидатты тіркеді.
Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі.
Ботагөз Айтжанова
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
COVID-19: КВИ мен шизофрения байланысы, Швециядағы ковид-төлқұжат және вакцинациялаудың шекті жасы -
Елордада санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынды -
Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі қалай жүзеге асып жатыр -
Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы: Абайтануды оқушылардың жасына қарай кезең-кезеңімен оқыту керек -
ҚХР-ның ҚР-дағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасымен құттықтады -
МӘМС: мамыр айында елордалықтар 41 млрд теңгеден аса жарна аударды -
Орнықтылық қорының облигациялары Қазақстан қор биржасының Негізгі алаңына ауыстырылды -
Жүк көліктері жасыл дәліз арқылы Нұр Сұлтанға қалай өтеді -
412 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды -
«Жасыл» экономиканың жаңашыл қоғамдық бастамалары қандай