• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Ауыл» партиясы мерзімінен бұрын ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысуға шешім қабылдады

«Ауыл» партиясы мерзімінен бұрын ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысуға шешім қабылдады

1 Ақпан, 2016 10:37
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихатта өтетін сайлауға қатысады, деп «Ауыл» ХДПП төрағасы Әли Бектаев партияның кезектен тыс XII съезінде айтып өтті.

«Ауыл» партиясының кезектен тыс XII съезінің өкілдері Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі сайлауына қатысуға шешім қабылдады. Біз өзіміздің тапсырмаларымызға нақты шешім беруіміз керек. Біздерге жиі талқыға түсіп жүрген ауыл және ауыл тұрғындарының мәселелері маңызды болып келеді»,-деді А.Бектаев.

Съез өкілдерімен ҚР Парламент Мәжілісі сайлауына қатысу туралы шешім қабылданды. Осыған орай, партиялық тізім бекітілді. Оның құрамында 19 адам бар.

Съез қатысушалары «Ауыл» ХДПП «Ауылға дәстүрді қайта әкелу»сайлауалды бағдарламасын қабылдады. Сондай-ақ, барлық деңгейлі мәслихат сайлауына қатысу туралы шешім қабылданды.

 

Барлық жаңалықтар