• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОСК: 2016 жылдың 1 ақпанына сәйкес барлық деңгейлі мәслихат депутаттығына 1050 кандидат ұсынылды

ОСК: 2016 жылдың 1 ақпанына сәйкес барлық деңгейлі мәслихат депутаттығына 1050 кандидат ұсынылды

1 Ақпан, 2016 10:24
Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылғы 1 ақпандағы таңғы сағат 10-дағы жағдай бойынша республикада мәслихаттар депутаттығына барлығы 1050 кандидат ұсынылды, деді брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев.

«Олардың ішінде:107 – сі облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарға;804 -і аудандық мәслихаттарға;139 -ы қалалық мәслихаттарға.2 кандидатты саяси партиялар, ал 1048-і өзін-өзі ұсынды.Қазіргі сәтте ұсынылған кандидаттардың басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (239 адам), Қарағанды (197 адам), Шығыс Қазақстан (132 адам) және Қостанай (95 адам) облыстарында ұсынылды», - деді Б.Мелдешев.

Ол атап өткендей, ұсынылған кандидаттардың 5-еуі Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері, 553-і партияда жоқ, тағы 492-сі өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген.

Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі.   

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар