• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында жергiлiктi кәсiпкер мемлекет қолдауымен жаңа жиһаз цехын ашты

Ақмола облысында жергiлiктi кәсiпкер мемлекет қолдауымен жаңа жиһаз цехын ашты

1 Ақпан, 2016 11:42
Ақмола облысының әкiмi жұмыс сапарымен Астрахан ауданында болды. Новочеркасское ауылында өңiр басшысы ашылғанына бiр ай болған жаңа жиһаз цехының жұмысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Кәсiпорын басшысы Дүйсен Сағадатовтың айтуынша жоба «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. 2014 жылы жеңiлдiктi несие алу арқылы өз арманымызға қол жеткiздiк» дейдi кәсiпкер.

Цехтың өндiрiстiк қуаты — жылына 200 дана бұйым. Бұл жерде үйдiң барлық бөлмелерiне қажеттi жиһаздар шығарылатын болады. Цех ашылғалы берi бiр айдың iшiнде 12 жиһаздық гарнитуралар дайындалған.

Цехтың ашылуы 4 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк берген. Болашақта кәсiпорын өндiрiс көлемi мен жұмысшылар санын арттыруды көздеп отыр.

Облыс әкiмi, қажеттi қондырғылар орнатылған өндiрiс цехын аралап жаңадан ашылған кәсiпорынның жұмыс бастамасына жақсы деген баға бердi және әрi қарай сәттiлiк тiледi.

Барлық жаңалықтар