- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында «Ангус» асыл тұқымды мал басын арттыру жоспарлануда
Ақмола облысында «Ангус» асыл тұқымды мал басын арттыру жоспарлануда
«Оксановка-1» ЖШС басшысы М. Қанапиннiң айтуынша 2004 жылы серiктестiк құрылғанда кәсiпорынның балансында 5 000 га жер болған. 2008 жылы олар жер көлемiн 11 000 га-ға дейiн арттырған.
«2007 жылы бiз жер шаруашылығымен белсендi айналыса бастадық. Көптеген шешiмдер қабылдадық. Заманауи технологияларды пайдалану бiздiң шаруашылығымыздың өнiм көлемiн арттыруына септiгiн тигiздi.2015 жылы 5700 га жерге еккен егiнiмiз 17,3 көрсеткiшпен өте бiтiк шықты. Соңғы бес жылда бiз техникаларымызды толық жаңарттық. Бүгiнде бiздiң балансымызда 7 импорттық комбайн, 5 шетелдiк егу кешенi және өзге де техникамыз бар», — дедi М. Қанапин.
2010 жылдан бастап «Оксановка-1» ЖШС мал шаруашылығымен де белсендi айналысып келедi. 2011 жылы мұндай 146 бас «Ангус» және «Герефорд» тұқымды малдар Германиядан әкелiнген. Бүгiнде «Ангус» тұқымды мал басы 341 басты құрайды, оның iшiнде 173-i аналық мал.
« Бiз қазiрде репродуктор ретiнде сәттi жұмыс iстеп келемiз — бұзаулар мен өгiздердi сатамыз. Бүгiнде бiз малдарымыздың бесiншi төлдеуiн күтiп отырмыз, ең алғашқы жылғы төлдеу қиын болған. Онда бiз 140-тан 93 қана төл алғанбыз. Бүгiнде малдар бiздiң ауа-райына бейiмделдi, қиындықтың барлығы артта қалды. Биыл 200 бастан 195 бұзау алуды жоспарлап отырмыз.Тұрғындардың алдындағы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi туралы да ұмытпаймыз. Жыл сайын 2,5 млн теңгедей қаражатты жолды қардан тазартуға, өзге де жұмыстарға бөлемiз. Жұмысшыларымызға 13-iншi айлық төлеймiз.Жоспарымызда егiстiң алаңқайларын көбейтiп, асыл тұқымды мал басын арттыру бар», — дедi ЖШС басшысы М. Қанапин.
Өңiр басшысы аталмыш серiктестiктiң даму динамикасына жағымды баға берiп, жергiлiктi тауарөндiрушiлердi дағдарыс уақытында өңiрдiң әлеуметтiк өмiрiне белсендi қатысуға шақырды, мысалыға мемлекеттiк-жеке әрiптестiк аясында балалар бақшасын салу мүмкiндiгiн қарастыру туралы ұсынысын айтты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді