Қазақстанда 99,3% дәнді дақыл жиналды - АШМ

12 Қараша, 2013 17:17
Қазіргі уақытта Қазақстанда 15,6 млн астам га немесе астық жинау алқабының 99,3% жиналды, деп Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.

«Бүгінгі таңда 15,6 млн астам га немесе астық жинау алқаптарының 99,3% жиналған, 13,3 ц/га түсімділікпен бастапқы салмағында 20,8 млн тонна бастырылған», -  деп Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Үкіметі отырысында хабарлады.

Сондай-ақ, жүгеріні қосқанда 114,6 мың га дәнді дақылды жинау қалды.

Министрдің айтуынша, астық жинау кезінде солтүстік өңірде жиі жауын-шашын болғандықтан Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау жұмыстары әлі де жалғасуда, астықты өңдеу және кептіру бойынша жұмыс көлемі артуда.

 

 

Барлық жаңалықтар