- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штабы ашылды
«Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штабы ашылды
«Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штабының құрамына танымал партия және қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері кіргенін айтты. Өткен сайлау науқандарына қатысып, мол тәжірибе жинақтаған азаматтармен қатар, штаб құрамына жастар ұйымдарының белсенді өкілдері де кірген. Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен «Нұр Отанның» сайлауалды штабын маған басқаруға тапсырды»,-деді Асқар Мырзахметов
Сондай-ақ, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары сондай-ақ партияның кезектен тыс XVІI съезінде Парламент Мәжілісінің депутаттары сайлауына арналған партиялық тізімі бекітіліп, жаңа сайлауалды бағдарламаның қабылданғанын еске салды.
«Штаб жұмысының міндеті – «Нұр Отан» партиясының парламенттік және мәслихат сайлауында айқын жеңісіне қол жеткізу», - деді А.Мырзахметов.
Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы биліктегі басымдыққа ие және жауапкершілігі мол саяси күш ретінде өз Сайлауалды бағдарламасында жаңа үдерістерге жауап беретін және бірлік, тұрақтылық пен жасампаздықты қамтамасыз етуге бағытталған Елбасы анықтап берген мемлекеттік бағдарды жүзеге асыру жөніндегі алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты межелерді белгіледі.
Бүгінгі таңда партияда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, республикалық желілік кестесі қабылданып, медиялық жоспар бекітілді.
Еліміздің барлық өңірлерінде сенімді өкілдер мен партия белсенділерінің жұмысын үйлестіретін дәл осындай сипаттағы
16 аймақтық және 208 аумақтық штаб құрылмақ. Олардың құрамында 3,5 мыңнан аса адам кіреді. Барлық штабтардың жұмысын 29 мыңнан астам сенімді өкіл, сондай-ақ 27 мыңнан астам партия белсенділері қатысатын болады.
Анар Тәңірқұлова
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ