- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2015» атағының иегерлерін марапаттайды
Астанада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2015» атағының иегерлерін марапаттайды
Республикалық конкурсқа бес жылдан кем емес үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Конкурс екі кезеңнен тұрды: жоғары оқу орны ішінде және республикалық. Жоғары оқу орны ішіндегі кезеңде Конкурсқа қатысушы үміткерлер әр жоғары оқу орнының ғылыми кеңестерімен іріктелді. Республикалық кезең барысында жеңімпаздарды ҚР БҒМ, басқа мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі заңды тұлғалар бірлестіктерінің, сонымен қатар жетекші ғалымдар мен мамандардың өкілдерінен тұратын Комиссия анықтады.
Жеңімпаздарды іріктеу өлшемдерінің арасында: оқу құралдары мен оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу, интерактивті режимде ашық сабақтарды өткізу, студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарына жетекшілік ету, «Оқытушы студенттер көзімен» тәуелсіз сауалнамасының нәтижелері есепке алынған оқыту сапасының деңгейі, ұйымдастыру және тәрбие жұмыстары, академиялық, ғылыми дәреженің немесе атақтың болуы, ғылыми зерттеулері мен жетістіктері, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау болды.
Аталған грант оқытушыларға Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, Италияның, Испанияның, Бельгияның, Польшаның, Чехияның, Венгрияның, Швецияның, Австрияның, Болгарияның, Литваның, Латвияның жетекші университеттерінде шетелдік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
Конкурс нәтижесі бойынша грант иегерлеріне куәлік және тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы ҚР Заңымен белгіленген 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант төленеді. Республикалық бюджетте 2016 жылға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2015» грантын төлеуге 848 млн. 400 мың теңге қарастырылған.
Сондай-ақ грант иегерлері жыл бойы ғылыми зерттеу тақырыбы мен оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша халықаралық, республикалық ғылыми конференциялардың, симпозиумдардың, конгрестердің жұмыстарына қатыса алады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары