- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада VІ Азаматтық форум өтеді
Астанада VІ Азаматтық форум өтеді
«Шараның форматы, қатысушылардың сапалық құрамы, талқыға салынатын мәселелердің деңгейі мен осылардың қорытындысы бойынша үкіметтік деңгейде қабылданылатын нақты шешімдер Азаматтық форумға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың диалог алаңы етпек», - делінген хабарламада.
Форумға 600 адам қатыспақ. Олардың қатарында өңірлік форумдарда таңдалған облыстың, Алматы мен Астананың делегаттары, саяси партиялардың, кәсіби кеңестердің, БАҚ, халықаралық және шет елдік үкіметтік емес ұйым мен жергілікті және орталық атқарушы органдардың өкілдері қатыспақ.
Шараның мақсаты – нормативті құқықтық базаны жетілдіру мәселесі бойынша жалпыұлттық диалогтың одан ары дамуы, ұйымдастырушылық қоғамның әлеуметтік жаңғыруы мен азаматтық қоғам институттарының халықаралық әріптестігін орнату процесіне үкіметтік емес секторларды тиімді тартуға бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, Форум екі жылда бір рет өткізіледі.
Алғашқы Азаматтық Форум 2003 жылы Мемлекет басшысының қатысумен өткен еді. Онда Форум үкіметтік емес ұйымдарды саяси мойындап, азаматтық қоғам мен мемлекттік органдардың өзара әріптестігі механизмін қалыптастыруға жол ашты.
2005 жылы Елбасы екінші Азаматтық форумға қатысты. Онда бизнес-қауымдастықтардың елдің қоғамдық өміріне араласуына жағдай жасалды.
2007 жылы ұйымдастырылған үшінші Азамматтық форумдағы басты ерекшелік орталық мемлекеттік орталық жетекшілерінің азаматтық қоғам қызметтеріне байланысты азаматтық қоғам өкілдерінің алдында есеп беру керектігі енгізілді.
IV Азаматтық форум Қазақстанның ЕЫҚҰ-на төрағалығы қарсаңында өткені белгілі. Онда қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жетістіктері насихатталып, еліміз жайлы халықаралық бірлестіктерге ақпарат берілді.
V Азаматтық форум Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай азаматтық қоғамның дамуына қорытынды және болашақты нақтылауға арналды.
VI рет өткізілген Азаматтық форум жоғарғы дәрежедегі сараптамалық бірлестік ретіндегі қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық әріптестік пен әлеуметтік жаңғыру процесіндегі «үшінші сектордың» қатысуымен ортақ бренді аясында өткізілмек.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
Азаматтық бастамаларды қолдау бағытында қолға алынған шаралар