- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде алғаш рет командирлік жәшік сынамадан өтті (ФОТО)
Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде алғаш рет командирлік жәшік сынамадан өтті (ФОТО)
Оны әскери теңізшілер старшиналар мен сержанттар, жағалық және техникалық бөлімшелерге арналған командирлік даярлық бойынша жиын барысында қолданды. Командирлік жәшік атыс қаруы мен гранатаатқыштардан оқ-дәрілерді шығындамай оқ атуға үйрету үшін арналған. Ол жәшікке салынған оқу аспаптары мен керек-жарақтардың жиынтығынан тұрады және оқу сыныптарында, атыс орындары мен атыс қалашықтарында орнатылады.
Командирлік жәшікпен жұмыс жасаудан басқа, жиында старшиналар мен сержанттар командирлердің немесе бағыныстылардың рөлінде күнделікті тыныс-тіршіліктің кейбір тұстарын көрсететінін айта кеткен жөн. Мәселен, бағыныстылар арасында дау-дамайдың туындауы кезіндегі бөлімше командирінің іс-әрекеті. Оқытушымен болған жағдайға тап бола отырып, әскери қызметші шешім қабылдап, оған түсініктеме береді. Старшиналар мен сержанттар, жағалық және техникалық бөлімшелерге арналған командирлік даярлық бойынша жиындар Әскери-теңіз базасының старшинасы 2-сыныпты старшина Танатқан Амановтың басшылық етуімен 29011 әскери бөлімінде өтеді.
Сабақтарға бөлімшге командирлері мен взвод командирлері тартылады. ҚР ҚК ӘТК-нің старшинасы штаб-старшина Айдәулет Ұрдабаевтың айтуынша, мұндай сабақтар күнделікті қызметті ұйымдастыру, бағынысты жеке құрамды басқару мәселелерінде старшиналық құрамның білімі мен дағдысын арттырады. Жиынның арқасында старшиналық (сержанттар) құрамының әдістемелік және жауынгерлік машығын, теңізшілердің әскери, техникалық және арнайы білімді игеру деңгейлерін арттыру жоспарлануда.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары