- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның өндірістік өнеркәсіптері 668,4 млрд теңгенің өнімін шығарды
ОҚО-ның өндірістік өнеркәсіптері 668,4 млрд теңгенің өнімін шығарды
Облыста өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 668,4 млрд. теңгені құраса, кен өндіру өнеркәсібінде 182,9 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібінде 420,5 млрд. теңге, ауыл шаруашылығында 344,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Сонымен қатар, баяндамашы аймақтағы құрылыс, денсаулық сақтау салықтық-бюджеттік салаларында атқарылған жұмыстардың есебіне де тоқталды.
«2015 жылдың қорытындысы бойынша аймақтағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 184,9 мың бірлікті құрап, шағын және орта бизнес өкілдерімен шығарылған өнім көлемі 563,8 млрд. теңгеге жетіп, 5,7 пайызға артқан. Облыс экономикасын дамытуға 416 млрд. инвестиция тартылса, тұрғын үй құрылысына 30,5 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2014 жылмен салыстырғанда 11,2 пайызға көбейді. Нәтижесінде, пайдалануға берілген үйдің жалпы алаңы 445,1 мың шаршы метрді құрап, жоспар 9,9 пайызға артық орындалып отыр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жұмыстары 80,5 пайызға толық орындалса, мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы жоспар аясында атқарылып, көрсеткіш үлесі 15,2 пайызға жетті. Ал бұқара халықты орталықтандырылған сумен қамту 84,4 пайызды құрап, 57,8 мың адам жұмыспен қамтылған», - деді басқарма басшысы.
Жиында қаралған екінші мәселе - облыс бюджетінің игерілуі бойынша сөз алған облыстық қаржы басқармасының басшысы К.Мендебаев бөлінген 469 593,5 млн. теңгенің 468 625,9 млн. теңгесі игерілгенін айтты. Яғни, шығыс ақшаны ұқсатудың көрсеткіші 99,8 пайызды құрап, республика бойынша жоғарғы көрсеткішке жеткен. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен қаралған нысаналы трансферттер мен кредиттер 99,9 пайызға игерілген. Ал салықтар мен басқа да түсімдерден жергілікті бюджетке түскен кіріс қаржысы 101 159,4 млн. теңгені құрап, жоспар 9,3 млрд. теңгеге артық орындалыпты.
Мәжілісті қорытындылаған аймақ басшысы күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша Елбасымыз, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы өңірімізде іске асыру бойынша нақты және егжей-тегжейлі жоспардың болуы керек екенін айтып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаевқа барлық салалар бойынша жоғарыда аталған стратегиялық құжатқа сәйкестендірілген бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Ал облыстық қаржы басқармасына 2016 жылға арналған бюджетті игеру бойынша арнайы жоспар дайындауды жүктеп, ол қаржының игерілмей қалу көлемдерін азайтуды көздейтін болуы қажеттігін айтты.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді