- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгро» мен Солтүстік Қазақстан облысының аграрлары егістік жұмыстарын қаржыландыру мен кооперативтер құруды талқылады
«ҚазАгро» мен Солтүстік Қазақстан облысының аграрлары егістік жұмыстарын қаржыландыру мен кооперативтер құруды талқылады
Алдағы егістік науқанын өткізуге және жалпы, көктемгі-егіс жұмыстары барысында республиканың аграрларын қолдауға «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлайтынын атап өтеміз, оларды қарыз түрінде Холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) арасында бөлу болжанады.
Қаржыландыру құралдарының бірі - екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу, оларды пайдалану арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері банктің рейтингіне қатысты 7,5 – 8 пайыз ставка бойынша несие қаражаттарын алады.
Басқа құрал – «ҚазАгроның» еншілес компаниясы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) ЕДБ кепілдігімен тікелей несиелеу. Бұл жағдайда фермерлер үшін соңғы ставка жылдық 5 пайызды құрайды.
АНК желісі бойынша шаруалар несиені Несие серіктестіктері және шағын қаржы ұйымдары арқылы да ала алады. Бұл жағдайда соңғы қарыз алушы үшін ставка 9 пайызды құрайды.
Қаржыландырудың басқа құралы – ӘКК кепілдігі арқылы «ҚазАгроның» басқа еншілес компаниясы – «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы бидай мен арпаны форвардтық сатып алу. Қаржыландыру 1 гектарға 6 мың теңге есебімен, олардың қаржыландыру мерзімінің аяғында қаржыландыру сомасының жылдық 5 % мөлшеріндегі комиссия төлеу шартымен жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа «ҚазАгро» ұлттық холдингі шағын және орта агроқұрылымдарға аймақтық астық кооперативтеріне біріге отырып, несие қаражаттарын алуды ұсынады.
СҚО кеңесте аймақтың агроқұрылымдары мен шаруашылықтарынан басқа облыстың әкімдігінің, аудандық әкімдіктердің, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компанияларының аймақтық филиалдарының, Қазақстанның Фермерлері одағының, Несие серіктестіктерінің, Екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы алдағы Көктемгі-егістік жұмыстарын қаржыландыру, сондай-ақ облыстың аграрлық шаруашылықтарын кооперация және ортақ жауапкершілік принципінде біріктіру мәселесі болды.
Кездесуде атап өтілгендей, алдағы науқанды өткізуге және жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстары барысында аграрларды қолдауға «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлайды, оларды қарыз түрінде Холдингтің кейбір еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында бөлу болжанады. Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды қаржыландыруға, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасының лизингіне «ҚазАгро» холдингінің компанияларымен меншікті және сырттан тартылған қаражат бағытталатын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды