- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК мұражайының жәдігерлері шетелдегі көрмелерде ұсынылады (ФОТО)
ҚР ҚК мұражайының жәдігерлері шетелдегі көрмелерде ұсынылады (ФОТО)
Аталмыш акция шеңберінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы қатысушыларының ұрпақтары мен туысқандары мұражайдың қорына Қазақстанның әскери тарихы үшін баға жетпес бірегей жәдігерлер тапсырды. Аты шулы 316-атқыш дивизиясының жауынгері Темір Жолдаспаевтың ұлы, Ахметжан Қойшығұловтың туысқаны ҰОС жылдары Қазақстанның аумағында 220 зауыт пен фабриканың орналастырылуына басшылық еткен Мәдина Ысқақованың қызы – әскери ұшқыштың жеке борт механигі, Иван Кожедубтың Кеңес Одағының үш мәрте батыры мұражайға марапаттау материалдарын, құжаттарды, фотосуреттерді, кітаптарды, хаттарды, ашық хаттарды тапсырды.
Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мұндай акциялардың ұйымдастырылуының басты себебі, халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы көкейкесті мәселелерге қоғам назарын аударту болып табылады. Өзінің ата-бабасының ерліктері туралы оқиғамен бөлісуге және олардың жеке заттарын ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайы қорының игілігіне беруге барша ниет білдіргендер үшін акция ұйымдастырушылары алғыс хаттар дайындап қойды.
«Бүгін мен үшін толқынысқа толы күн. Анашымның өмірі мен ерлігі туралы айтып беруге мүмкіндік берілген күн. Мұндай мұражайдың болғаны қуантарлық жайт. Өйткені, әскери тарих – бұл халқымыздың тарихының ажырамас бөлігі», - деп атап өтті ҰОС қатысушының қызы Аягөз Шиқатаева. Жәдігерлерді қабылдау 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Келешекте ол жыл сайынға сипатқа ие болмақ. Акция барысында барлық жиналған артефактілер мұражай қорына сақталуға беріледі. Ал ғылыми-зерттеу жұмысы өткізілгеннен кейін экспозицияның бөлігіне айналады. Одан басқа, жәдігерлер арнайы тізбеге енгізіліп, бүкіл Қазақстан және шетелге көшпелі көрмеге жіберіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады