• Басты
  • ҚР ОСК: Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 900-дан астам халықаралық бақылаушы келеді (эксклюзив)
28 Қаңтар, 2016 17:19

ҚР ОСК: Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 900-дан астам халықаралық бақылаушы келеді (эксклюзив)

Бақылаушылардың қызметін жүзеге асыруға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 800-900-ден өкілдері келеді, деп ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
ҚР ОСК: Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 900-дан астам халықаралық бақылаушы келеді (эксклюзив)

-Марат Алдонғорұлы, кеше Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы (ЕКПА), сондай –ақ Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК) ҚР Сыртқы істер министрлігіне сайлауға бақылаушы болып, кандидаттарды таңдау бойынша ауызша мәлімдеген болатын.Осы жөнінде толығырақ айта кетсеңіз.

-Ия, ШЫҰ, ЕКПА, ТМЫК ҚР Сыртқы істер министрлігіне сайлауға бақылаушы болып, кандидаттарды таңдау бойынша ауызша мәлімдеді. Сондай-ақ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі ЕҚЫҰ өкілдері қатысады. Егер толық айта кететін болсам, Еуропа Кеңесінің Парламент ассамблеясы- сайлау бойынша түсіндірме жұмыстарды әділ қарастырады және көбінесе Қазақстан бойынша.  Бұл ұйым 1949 жылы құрылды, оның құрамына сол ұйымның  Дәстүрлі 49 мемлекеті кіреді. Осы ұйымның 10-15 шақты адамы Қазақстанға келіп, өз жұмыстарын іске асырады. 

ШЫҰ- бұл тұрақты үкіметаралық ұйым болып келеді. Ол 2001 жылы 15 маусымда құрылды. Оның құрамына 6 ел кіреді: Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәджікстан, Өзбекстан және Қазақстан. Ұйым өкілдері сайлау барысында біздің елге сапармен келеді. Олардың делегация құрамынан 10 адам келеді.  

Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы құрылған. Оның құрамына 5 мемлекет кіреді: Әзірбайжан, Түркменістан, Қырғызстан, Түркия және Қазақстан. 
ЕҚЫҰ 57 мемлекеттен құралған. Біздің елде қадағалау қызметін Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро жүзеге асырады. 

ҚР ОСК өкілі Қуандық Түрғанқұлұлымен 18 шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының бірінші басшыларына шақырту жолданды. Бұл қай елдер және ОСК-ға қандай ақпарат көзі белгілі?

- ҚР ОСК өкілі Қуандық Түрғанқұлұлы Орталық сайлау комиссияларының басшыларына Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Украина, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Грузия, Тәджікістан, Өзбекстан, сондай-ақ шетелдік алыс елдердің ОСК басшылары: Үндістан, Қытай, Латвия, Литва, Малайзия, Монғолия, Эстоняға хаттар жолданды. Бүгінгі күні Өзбекстанның ОСК аузыша түрде 2016 жылдың 20 наурыз айында болатын сайлауға қатысатындарын айтты. 

Сіздің ойынызша, барлық шақырылған елдердің өкілдері Қазақстанға келеді деп ойлайсыз ба?

-Менің пайымдауымша Үндістан, Қытай және Корейлік ОСК өкілдері келе алмайды. Алайда олардың келуін күтеміз. Ал қалған шет елдердің басқа өкілдері бізге келіп тұрады. 

2016 жылдың 20 наурыз айында өтетін Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауына қанша халықаралық бақылаушы келеді деп ойлайсыз?

-2012 және 2015 жылғы өткізілген сайлауды мысалға алсақ ,бақылаушылардың қызметін жүзеге асыруға Қазақстанға халықаралық ұйымдар мен шет елдерден 800 -900 өкілдері келеді деп күтілуде. Сонымен қатар, барлық елдер экономикалық тұрақты емес, сол себепті халықаралық бақылаушыларға айтарлықтай қысқарту жүргізбейміз.

Сұхбатынызға рахмет

Ботагөз Айтжанова

Сурет жеке мұрағаттан алынды

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды