• Басты
  • Бурабай курортты аймағын дамыту жоспарын жүзеге асыруға 1 млрд-тан астам қаражат бөлінген
28 Қаңтар, 2016 18:41

Бурабай курортты аймағын дамыту жоспарын жүзеге асыруға 1 млрд-тан астам қаражат бөлінген

Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов өзінің халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты. Есептік кездесуге өңір басшысы С.Кулагин мен ҚР Президенті Әкімдігінің мемлекеттік инспекторы Қ.Бәйімбетов қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Бурабай курортты аймағын дамыту жоспарын жүзеге асыруға 1 млрд-тан астам қаражат бөлінген

Кездесу барысында аудан орталығын абаттандыру және көгалдандыруға қатысты, мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі, аудандық емхананың құрылысы сияқты мәселелер көтерілді. 

Аудан әкімі Т.Ташмағамбетов өзінің баяндамасында 2014-2016 жылдарға арналған Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын орындауға 2015 жылы аудандық бюджеттен 1 млрд. 86,7 млн.теңге қаражат бөлінгендігін айтты.

ЩБКА жоспарының жүзеге асырылу кезеңінде жолдардың жөнделуден өтуінен басқа, Щучинск қаласы мен курортты аймақтың түрлі аумағында сумен жабдықтау және су тарту нысандарының құрылысы мен жөнделуіне арналған 8 мемлекеттік-сараптамасы бар жобалық-сметалық құжаттамалар мен 1 техникалық-экономикалық негіз жасалған. Сондай-ақ, бу қазандығы, кәріз тазарту қондырғылары және полиция қызметкерлері үшін 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салу басталған.  

Туристік саланы дамыту мақсатында құны 15,1 млрд. теңге тұратын Республикалық трамплинді кешені мен биатлоны бар шаңғы базасының құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылуда, сондай-ақ «Бурабай» МҰТБ аумағында гольф-клуб салынатын болады.  

Шаңғы базасы бірнеше қысқы спорт ойын түрлері бойынша (шаңғы жарысы, биатлон, трамплиннен секіру) жарыстар өткізу үшін әлемдік талаптарға сай болмақ. Оның инфрақұрылымына сәйкес онда шаңғы трассасы, биіктігі 90 және 125 метр болатын трамплин және 200 орындық қонақ үй, бассейні бар спорт кешені, дәрігерлік-оңалту орталығы болады. 

Оған қоса демалушылар үшін ұзындығы 6,9 км. болатын жүгіру және веложолдар салынған. Болашақта Бурабай көлінен бастап «Ракушка» қарау алаңқайына дейін ұзақтығы 17,9 км. құрайтын велосипед, жаяу жүру және шаңғы жолдары салынады.  

 Ресейлік компаниялармен желкенді қайықтарды ендіру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілсе, неміс және финдік компаниялармен бірге автономды гриль-үйлер, технологиялық биодәретханалар құру бойынша жобалар жүзеге асырылуда. 

Жалпы жыл сайын курортты аймақта жаз айларында демалушылар саны 500 мыңға жететін болса, жыл бойғы келушілер 1 миллионнан асады. Ақмола облысына туристік қызмет көрсететін негізгі жеткізуші 778 туристік ұйымдар бар.

ЩБКА дамыту жоспары аясында 2015 жылы жеке инвестиция құю есебінен 15 туристік инфрақұрылым енгізілген  (2012–2015жылдары барлығы – 73 нысан). 2016-2017 жылдары облыстың базалық туристік өңірлерінде бір мезетте 1,2 мың адамды сыйғыза алатын, 1 мың жаңа жұмыс орнын ашатын, 21 жобаны іске асыру көзделуде (қонақ үйлер, демалыс үйлері, емдеу-сауықтыру кешендері, санатории-профилакториилер және өзгелері).

Облыстық бюджеттен 345 млн. теңге түскен. Бұл қаражат көше жөндеуге, Щучинск қаласындағы нөсерлі кәріз желісінің құрылысына ЖСҚ дайындауға, Бурабай курортты аймағын дамытудың жоспарлы жұмыстарына жұмсалған.

Есептік кездесу барысында Т.Ташмағамбетов жылумен қамту мәселесі бойынша бүгінгі күні коммуналдық қызметке төлем жинау жұмыстары күшейтілді деп жауап берді. Ауданда жол мәселесі ушығып тұр. Есептік жылда аудан орталығындағы Коммунистическая – Трудовая көшелерінің бойындағы жолдарға 280 млн. теңгенің күрделі жөнделуі жүргізілген, биылғы жылы осы көшеде басталған жұмысты аяқтауға 118 млн. теңге бөлінген. Баға жағдайы да тұрақты бақылауда. Осы мақсатта жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін нарыққа шығару мен арзан тауарлардың жәрмеңкелерін өткізу тәжірибелері бойынша жұмыстар жалғасуда.

Облыс әкімі алғашқы қажеттілік тауарларына бағаны бақылау бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты. Әсіресе әлеуметтік нан бағасын көтермеуді тапсырды.

Жиналысты қорытындылай келе С.Кулагин есептік кезеңде бірқатар жұмыстардың орындалғанын атап өтті, экономикалық негізгі көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады деді. Бірақ әлі де жұмыс көрсеткішін көтеру керек, өйткені ЩБКА дамыту мәселесі Елбасымыздың ерекше бақылауында деп ескертті.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды