- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ӘТК-нің әскери теңізшілері жауынгерлік кезекшілікке түсуде (ФОТО)
Қазақстан ӘТК-нің әскери теңізшілері жауынгерлік кезекшілікке түсуде (ФОТО)
Еліміздің өзге де Қарулы Күштеріндегі сияқты Әскери-теңіз күштерінде табельдік қаруды игере білуі бойынша «емтихан» - бұл әскери қызметшінің жауынгерлік кезекшілікке түсер және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісер алдындағы қойылатын міндетті түрдегі шарт.
Жауынгерлік кезекшілікке түсу үшін әскери қызметшілерді іріктеу бойынша іс-шаралар кешенін өткізе отырып, барынша 29 және 30 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсеткен офицерлер айқындалды. Жауынгерлік кезекшілік алдындағы дәлдік пен қаруды меңгеру емтиханын ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері де тапсырды. ҚР ҚК ӘТК-нің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов жеке құрамның алдында тұрған жауынгерлік кезекшілік бойынша тапсырманы Әскери-теңіз күштері орындайтынын нық сеніммен айтты.
Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кезекшілігі - әскери теңізшілер бейбіт уақытта да атқаратын кезекшіліктің ерекше түрі екенін айта кету қажет. Ол белгіленген әзірлікте корабльді күштерді, Каспий теңізінің қазақстандық секторында қолайлы жедел режімді ұстап тұруды көздейді. Жауынгерлік кезекшілік уақытында әскери қызметші қарсыластың шабуыл жасауын болдырмауға, оның алғашқы соққысын әлсіретіп, бәсеңсітіп жіберуге сақадай сай дайын болуы тиіс. Әскери теңізшілер әуе кеңістігінің жекелеген бағыттарында ҚР мемлекеттік шекарасының бұзылуын болдырмауы, еліміздің ұлттық мүддесінің іске асырылуы мен қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру