• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша семинар өтті

Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша семинар өтті

12 Қараша, 2013 10:53
Бүгін, 12 қараша Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша семинар өткізілді, деп Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Семинардың жұмысына ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Бас Прокуратурасының, ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнің, ҚР әділет министрлігінің, ҚР мемлекеттік қызмет істері жоніндегі агенттіктің, «Нұр Отан» ХДП-ның жауапты қызметкерлері қатысты», - деп хабарламада нақтыланған.

Семинар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру жоспары аясында өткізілді.

Сондай-ақ,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау және ұсынымдар әзірлеу бойынша дөңгелек үстелдің өткізілуі жоспарланып отыр.

 

 

Барлық жаңалықтар