• Басты
  • Нығметовтер әулеті: Диқаншылық – әулетіміздің ата кәсібі
12 Қараша, 2013 15:32

Нығметовтер әулеті: Диқаншылық – әулетіміздің ата кәсібі

«Қайнар» ЖШС директоры Сейітжаппар Нығметов – керемет жетекші, ол 32 мың га егістікке астық егіп халықты ас атасы нанмен қамтамасыз етіп отырған бірден бір шаруа.

Нығметовтер әулеті: Диқаншылық – әулетіміздің ата кәсібі | Strategy2050.kz

«Қайнар» ЖШС облыстағы ірі шаруашылықтардың бірі. Кәсіпкерліктің өнімі өңірді айтарлықтай дәрежеде астықпен қамтамасыз етіп отыр. Шаруашылықтың құрылғанынан бергі 16 жыл ішінде қайнарлықтар екі рет 2 млн пұт, тіпті одан көп егістік шығымына қол жеткізді. әр гектардың шығымы 13,3 центнерден деп есептесек, бір жыл бойы 1 млн-ға жуық халықтың аузын ақ нанмен жарытуға болады. Мұнда алты жылдың ішінде қайнарлықтар 158 600 млн тонна астық жинап, 344 млн теңге пайдаға кенелген.

Сейітжаппар Алшынбекұлы Нығметов – ауыл тұрғындарына бөтен емес. Ол Целиноград ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін Мариновка  ауыл шаруашылығы бірлестігінде де қызмет етті. Кейін «Еңбекші» ұжымшарында 10 жыл бойы бас зоотехник болып еңбек етті.

Нығметовты жұрт сауатты және шебер жетекші деп таниды. «Қайнар» нан өндірісінде ғылым мен тәжірибе қатар қолданылады: органикалық, тыңайтқыштық әдістермен булау және өзге де тәсілдермен дайындалады. Егістік жұмысы мұқияттылық пен асқан шеберлікті қажет етеді.

Әрине, техникалық толық қамтамасыз етілуідің де егістік жұмысына маңыздылығы жоғары. Шаруашылықта екі қуатты «Джон Дир» кешенді себу құралы бар. Сонымен қоса түрлі маркадағы жүздеген тракторлар, соның ішінде екі «Бюллер», «Енисей» және «Нива» маркалы 79 комбайн бар. Осының арқасында аталмыш шаруашылық жыл сайын бидайды жылдам сеуіп, күзде бірінші болып орып алады.

Сонымен қатар «Қайнар» 1500 бас ірі қара малға да ие. Мұнда жыл сайын тұқымды асылдандыру мақсатында түрлі шаралар қолға алынады.

7 жыл ішінде шаруашылық 20 асыл тұқымды бұқа мен 760 бас қазақтың ақбас сиыры мен әулиекөл тұқымды ірі қара малы алынған. Нәтижесінде шаруашылықта ет өндірісі қалыпты 49-51%-дан 64%-ға дейін өсіп, жыл сайын Шахтинск ет комбинатына 25-тен 40 тоннаға дейін ет келіп түседі. Оған қоса аталмыш жануарлардың сүт өнімі де өз табысын әкеледі.

Сейітжаппар ақсақалдың ісін бүгінде оның ұлы Нығметов Айнар Сейтжаппарұлы жалғастыруда. Әке жолын қуған ол «Қайнар» ЖШС-де аға агрономдық қызметін атқарады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды