• Басты
  • ҚР ОСК-нің Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына дайындығы (ФОТО)
28 Қаңтар, 2016 10:17

ҚР ОСК-нің Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына дайындығы (ФОТО)

Кеше – 27 қаңтарда Мемлекет басшысы Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлау өткізу шешімін қабылдағалы бір апта өтті.
ҚР ОСК-нің Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауына дайындығы (ФОТО)

20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

Сайлау алдындағы науқан, кешегі Жарлықты қабылдағаннан кейін басталды. Президент Парламент өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы ұсынысқа нақты түсінік берді. Депутаттардың бұл бастамасын қоғам жақсы қабылдап, нақты іс-шаралар баяндалды. 21 қаңтар күні Орталық сайлау комиссиясының өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, 20 қаңтарда ОСК сайлау науқанының күнтізбелік шараларын бекітті.«Сайлау науқаны екі ай ішінде өткізілетін болады. Ал бұл мерзім ішінде біз көптеген іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Осыған орай алдағы уақытта жауапты кезең күтіп тұр», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

27 қаңтарда Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын іске асыру барысы туралы жұмыс кеңесі болды.Кеңесте ҚР ОСК мен аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқанын ұйымдастыру жөніндегі ағымдағы қызметі қаралды.
Ортсайлауком мүшелері жетекшілік ететін мәселелері мен бағыттары бойынша атқарған жұмыстары туралы айтып берді.

Атап айтқанда, сайлау науқаны басталған кезеңнен бері ҚР ОСК мәслихаттар депутаттарын сайлауды тағайындау, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы жөніндегі күнтізбелік жоспарларды бекіту, сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы, сондай-ақ шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдері қызметтерінің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдағаны атап өтілді.

2016 жылғы 21 қаңтарда ҚР СІМ-нің дипломатиялық арналары арқылы 18 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарының бірінші басшыларына Ортсайлауком Төрағасының шақыруы жіберілді.«Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың байқаушылары Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен ғана аккредиттеледі. Дегенмен, қазірдің өзінде бірқатар халықаралық ұйым еліміздің Сыртқы істер министрлігіне сайлауға қатысатындықтарын ауызша қуаттады. Олардың қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, сондай-ақ Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бар»,- деді ол.

22 қаңтарда ҚР ОСК сайлау процесіне барлық қатысушыларға сайлаушылар тізіміне азаматтарды енгізу үшін негіздерді, есептен шығару куәлігін беру тәртібін, сондай-ақ «үйде» дауыс беруді ұйымдастыру рәсімін түсіндіретін үндеу қабылдады.
 
Кеңес барысында сондай-ақ 25 қаңтарда болған аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерімен болған семинар-кеңестен, қызметтің негізгі және шұғыл міндеттері мен бағыттары анықталғаннан кейін ұйымдастыру жұмысының акценті тікелей өңірлерге ауысады.

Қазіргі уақытта барлық өңірлерде сайлау учаскелерінің шекаралары мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы хабарларды жариялау аяқталды.Аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, сондай-ақ көп бөлігі жарияланды. Бұл жұмыс 30 қаңтарға дейін жалғасады.Округтік сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жерлері, шекаралары көрсетілген сайлау округтерінің тізімдері бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ 30 қаңтардан кешіктірмей жарияланады.
 
Ботагоз Айтжанова
 
 
 
 
 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды