- Басты
- Жаңалықтар
- Щучинск қаласында МЖӘ аясында 280 орындық жаңа балабақша ашылады
Щучинск қаласында МЖӘ аясында 280 орындық жаңа балабақша ашылады
Облыс әкімдігі хабарлағандай, 300 орындық «Мерей» балалар бақшасы «ОВПП Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамына кіреді.
Бүгінде бұл жерде 282 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 100 бала мектепке дейінгі мекемеге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында барып жүр. Бұл балалар ай сайын 22 мың теңге төлемақының орнына 12 мың теңгеден төлейді.
Атап өтейік, «ОВПП Мерей» ЖШС Щучинск қаласындағы «Айналайын» балалар бақшасының да иесі. Бұл мекеме тәрбиеленушілерінің саны - 170. Бүгінгі күні серіктестік бір мезетте 470 бала қабылдап алуға қауқарлы. Облыс әкімімен кездесу барысында «Мерей» балалар бақшасының басшысы Гауһар Хамзина өз ісі туралы айта келе болашақтағы жоспарымен де бөлісті. Іскер әйел мемлекеттік-жеке әріптестік аясында 280 орындық балабақша ашқысы келетінін және бұл мақсатқа аудан орталығындағы ескі «Радуга» балалар бақшасының ғимаратын сатып алуды көздеп отырғанын айтты.
Өңір басшысы өз сөзінде МЖӘ аясында жұмыс істеу Елбасымыздың біздің алдымызға қойып отырған талаптарының бірі екенін атап өтіп, облыс кәсіпкерлерінің осы бағытқа бет бұрып, жұмыс жасауға тілек білдіріп жатқандары қуантатынын және олар үшін мемлекет тарапынан толық қолдау көрсетілетінін айтты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру