• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы ИИДМБ бағдарламасын жүзеге асыруға 43 млрд теңге қарастырылған – ИДМ

2016 жылы ИИДМБ бағдарламасын жүзеге асыруға 43 млрд теңге қарастырылған – ИДМ

27 Қаңтар, 2016 19:16
Қазір бюджетте индустриялды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасын жүзеге асыруға 43 млрд теңге қарастырылған, деді инвестиция және даму вице-министрі Рахим Ошақбаев.

«Қазір бюджетте индустриялды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасын жүзеге асыруға 43 млрд теңге қарастырылған. Оның 60 пайызы  - «Даму» қорының қаржысы», - деді ол.

«Ақпараттық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймақтарын дамытуға бүгінде Қазақстанда 4 млрд теңге қарастырылған. Р.Ошақбаев атап өткендей, Қазақстанда 10 ЕЭА құрылады.

«2003 жылдан бастап оның 265 млрд теңгесі шығындалды. Біз тағы 297,5 млн теңгені инфрақұрылымға құямыз. Осы жылы 4 млрд теңге АЭА-ға бағытталады», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар