• Басты
  • Г.Әбдіқалықова ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жастар форумына қатысты
27 Қаңтар, 2016 17:26

Г.Әбдіқалықова ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жастар форумына қатысты

Жұмыс сапарының екінші күнінде Г.Әбдіқалықова 2013 жылы мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде салынған «Дәру клиникасы» медициналық оңалту орталығында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Г.Әбдіқалықова ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жастар форумына қатысты

 «Дәру клиникасы» Франция, Германия, Швейцария, Жапония және АҚШ сияқты әлемдік жетекші брендтік компаниялардың эксперттік санаттағы медициналық құралдарымен жабдықталған. Құрылған күнінен бастап клиникада  4 мыңнан астам емделушіге медициналық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында тау-кен және өнеркәсіп үшін түрлі бекітпе-тіреуіш бұйымдар шығаратын «Каспий плюс» ЖШС өндірісінің жұмысымен танысты. Импорт алмастыруға және инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған кәсіпорынның негізгі әріптестері «Еуразиялық топ», «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі», «Өзенмұнайгаз» болып саналады.

 Жұмыс сапарының соңында Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің жетістігім – Тәуелсіздігімнің жетістігі» атты өңіраралық Жастар форумына қатысты. Форумға Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясының Орынбор облысынан делегациялар келді.

Мемлекеттік хатшы кіріспе сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың жастарды тәрбиелеуге баса көңіл бөлетінін атап өтті. Елімізде өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалғанын, олармен дербес жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін тиімді үлгі қалыптасқанын атап өтті. Инновация, білім, технология және тәжірибеге бағытталған «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға», «Жастар практикасы», «Серпін» жастар бағдарламалары мен жобалары сәтті жүзеге асырылуда.

Форумға қатысушылар жастардың тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін талқылады. 

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының қорытындысы  бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды