- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан дағдарыстан ілгері келеді – венгерлік «Мадьяр Немзет» газеті
Қазақстан дағдарыстан ілгері келеді – венгерлік «Мадьяр Немзет» газеті
Мақалада Қазақстан ширек ғасырда өте күрделі жолды кешіп өтті. 17 млн адамы бар елдің көлемі әлем бойынша тоғызыншы орында тұр. Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін ел өте төмен көрсеткіштен бастады, ал қазір бәсекеге қабілетті, гүлденген ел.
«ЖІӨ 20 есеге ұлғайды, халық басына шаққанда 13 мың долларды құрады. Мақсат – 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 2010-2014 жылдар аралығында ішкі өнім орташа есеппен 5,7 пайызға өсті. Шағын және орта бизнес нығая бастады. 43 пайызға халық табысы ұлғайды. 64 пайызға орташа жалақы өсті»,- делінген мақалада.
Мақалада сондай-ақ, Орталық Азиядағы ең тұрақты ел ретінде екінші жыл қатарынан экономикалық дағдарыс құрсауында болса да тұрақтылықты сақтап тұрғаны көрсетілген.
«Экономикалық өсім көрсеткіші 4,3 пайызға төмендеді, өткен жылы бір пайыз еді, өткен жылы тұтыну заттары 15 пайызға көтерілсе, оның алдындағы жылы 7,4 пайызды құраған болатын.
Теңге бағамының өзгеруі инфляциямен тығыз байланыстырады. «Елдің орталық банкі 2015 жылдың 20 тамызында теңгені еркін айналымға жібері шешімін қабылдады. Ол кезде бағам 180 болса, қазір 350-ге жетіп отыр. Өзгерген экономикалық жағдайда Нұрсұлтан Назарбаев елде «100 қадам» жоспарын енгізді, ол бойынша 59 заң өз ісіне кірісті.
«Осы шараларға сәйкес, билік саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуына аса мән береді. Әлеуметтік қысымды оңалтып, алдын алу үшін президенттік сайлау мерзімінен бұрын өткізілді. Осы жылы парламенттік сайлау өтпек. Осыған орай, Елбасы халықты бірлікте болуға шақырды», - делінген хабарламада.
Авторлардың айтуынша, мұнайға бағаның құлдырауы Орталық Азия мен Кавказ елдеріне әсер етті. Әзірбайжандық манат та өз құнын жоғалтып алды. Көрсетілген аймақтар ішінде ең көп мөлшерде құлдырағаны манат.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы