- Басты
- Жаңалықтар
- А.Башмаков: Ұлт жоспары – әлемдегі экономикалық жағдай мен сынақтарға қарсы жауап
А.Башмаков: Ұлт жоспары – әлемдегі экономикалық жағдай мен сынақтарға қарсы жауап
« «Нұрлы жол» ғана емес, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» да біздің елмен қатар бүкіл өркениетке әсер етіп отырған қазіргі экономикалық жағдайға жауап болды. Бұл белгілі жағдай себебі, Қазақстан барлық әлемнен дербес өмір сүре алмайды.Елбасы Н.Назарбаевта осы сынды оқиғаларды алдын ала сезіп, шара қолдануы дарыған қасиет. «Нұрлы жол» - сынақтарға жауап. Сондай-ақ, бұл Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың амалы. Аталмыш бағдарламаның ұқсас құжаты жоқ, себебі ол кешенді болып отыр. Оның негізінде экономикалық қайта құрылу да тұр. Олар руханилық пен мәдениет мәселелерімен органискалық байланыста болады. Бұл «Білікті мемлекеттік аппаратты қалыптастыру», «Біртұтастық пен бірлік» , «Есепті мемлекет құру». Бұл жерде ең маңыздысы қай бағыт десеңіздер, «Біртұтастық пен бірлік» деп айтар едім. Себебі бірліксіз қуатты экономика, гүлденген мемлекет құру мүмкін емес. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаев барлық баяндамаларының басы мен соңында біз ең бастысы бірлікті нығайтып, қоғамның біріктіруі туралы айтады.«Барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Мәжіліс сайлауын бір мезгілде өткізу ұсынысын қолдаймын. Себебі, нәтижесінде қомақты қаржы үнемделеді . Ал ең бастысы саяси науқанды ерте өткізу арқылы біздің қоғам әлеуметтік тұрғыда беки түседі. Сондай-ақ, саяси аспектіні көрудемін, яғни бұл өз жолында қоғамымыздың әлеуметтік бірігуі болып келеді», - деді А.Башмаков.
Оның айтуынша, Қазақстанда ҚР Конституциясының нормалары сақталады. Біз үшін басты құндылық ол адамның құқығы мен еркіндігі.
«Елбасы Тәуелсіздігіміздің басынан бастап, саяси ойындарға араласпауымызды айтқан болатын. Яғни, «алдымен – экономика, кейін-саясат». Бұл әлемнің бірқатар елдерінде мемлекеттік құрылым бойынша енген болатын. Метафизикалық түсінік бойынша біздің Президент үшін экономика – құрал, әдіс. Елбасы үшін ең басты құндылық ол – адам болып қалмақ. Сол үшін де есепті мемлекет қызмет етуі керек. Бұл жерде заң әділдігіне көңіл аударылады», - деді ол.
Индира Кауметова
Фото: thenews.kz
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері