- Басты
- Жаңалықтар
- В.Редкокашин: Сайлауға дайындық жұмыстары жақсы өтуде
В.Редкокашин: Сайлауға дайындық жұмыстары жақсы өтуде
«Біріншіден, мәжілісмендердің атқарған жұмыстарын айтып өту керек. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевта бірталай айтты. Мәжіліс аз уақыт ішінде заңнамаларды қабылдап, алдағы қиын кезеңдерде олардың жол көрсетуге септігін тигізетіндігін айтып өткен болатын Елбасы. Бұл шынымен өте маңызды, өйткені бірталай жұмыстар іске асырылды. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» президенттік стратегияны іске асыру жолында 80-нен астам заңдар қабылданды.Мәжілістің тарауы-заңға сәйкес үрдіс. Өйткені алдағы қиын жағдайларжа басқаша көзқараспен қарайтын жаңа адамдар қажет»,-деді В. Редкокашин.
Депутаттың ойынша, ҚР Парламент Сенаты алдарына қойған міндетті ойдағыдай орындайды.
«Бүгін Парламент жоғары палатаға ұсынылған. Бұл дұрыс жағдай. Бұл бұрындары да болған. Сенат мерзімінен бұрын сайлау өткен кездері екі рет қысқа уақытқа жалғыз палата болған. Ол кездері Сенат өз жұмыстарын жоғары дәрежеде орындады. Заңдармен жұмыс жасау тұрақты және күнделікті болып отыр. Ендігі күні құжаттарды қарауға ерекше көңіл бөлетін боламыз. Ендігі күні Мәжілістің құрамын анықтамайынша, бұл жұмыстар «филтірсіз» Сенатта қарастырылады. Айтайын дегенім, Мәжіліс кезінде де барлық құжаттарды мұқият қарап, бейінді комиттетреде, жұмыс орындарында жұмыстар жасап, қате табылған кезде қайтадан толықтыруға жіберіп отырдық»,-деді сенатор.
«Сайлауға дайындық жұмыстары жақсы өтуде. Әлі сайлау алды жұмыстар басталған жоқ. Сайлауға қатысатын барлық партиялар өз жұмыстарын атқаруда. Мысалы , «Нұр Отан» партиясын өзінің съезін 29 қаңтарда өткізеді, және басқа да партиялар өз съездерін дайындау үстінде. Жалпы, сайлау науқанына жұмыстар қарқынды жүріп жатыр деп айта аламын»,-деді ҚР Парламент Сенатының депутаты.
Индира Қауметова
Фото: vlast.kz сайтынан
-
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Алтын Орда тарихы неге зерттелмеді -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр -
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері