2015 жылы Астанада 1,7 млн шаршы метрден астам баспана тапсырылды

27 Қаңтар, 2016 12:08
2015 жылы Астана қаласында 1 млн 759 мың шаршы метр баспана тапсырылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун айтты.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 472 млрд теңгені құрады. 1 млн 759 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл Астана тарихындағы ең үздік көрсеткіш», - дейді С.Хорошун.

Астана қаласы әкімінің орынбасары хабарлағандай, 2015 жылы жалпы көлемі 2 млн 371 мың шары метр болатын 1135 түрлі нысан тапсырылды.

«Оның ішінде жалпы құны 132 млрд теңге болатын 107 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. Атап өтсек, 4 жалпы білім беретін мектеп, 8 балабақша, балалар инфекциялық ауруханасы, медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, сол жағалауда амбулаторлық-емханалық корпус, Президент істерін басқару клиникалық-оңалту орталығы пайдалануға берілді», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар