- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазтеміртранс» АҚ вагондары 92 млн. тонна жүк тасымалдады
«Қазтеміртранс» АҚ вагондары 92 млн. тонна жүк тасымалдады
Былтырғы жылы «Қазтеміртранс» АҚ вагондарымен 92 640 мың тонна жүк тасымалданған. Оның ішінде Қазақстан аумағында 83 706 мың тонна, ал өзге мемлекеттерге 8 934 тың тонна жүк жеткізілген.
2015 жылдың екінші жартысында өндірістік және қаржы көрсеткіштері өткен жылдарға қарағанда төмендеген. 2015 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда вагондарды тиеу көлемі 15 пайызға өскен болса, халықаралық тасымалдар көлемі 26 пайызға жоғарылаған. Вагондарға операторлық жасаудан түскен кіріс көлемі 14 пайызға өскен.
2015 жылы 13,5 мыңнан артық вагонға жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл жоспардың 106 пайызын құрайды. Жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығын 8 пайызға оңтайландырылған.
Бұдан басқа, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету статистикасы оң нәтиже көрсетуде. Мәселен, ақау көрсеткіші 27%-ға, пойыздардың кестеден кешігуі 50%-ға, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу 33%-ға қысқарған.
Отандық тауар өндірісін қолдау мақсатында «Қазтеміртранс» АҚ 2015 жылы жергілікті тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындармен 7 млрд. теңгеден астам сомаға келісім шарт жасасқан. Компанияның вагон паркі Қазақстанда жасалған 857 вагонмен толықты.
Анықтама: «Қазтеміртранс» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) – Қазақстан Республикасындағы жүк вагон паркінің ең ірі операторы.
Компания жүк вагондары операторының қызметін жүзеге асырып, оларды жөндеу, қайта жаңарту жұмыстарымен айналысады, сондай-ақ көлік-экспедициялық қызметтер көрсетеді.
«ҚТТ» АҚ паркінде әртүрлі типтегі: жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар, цистерна, астық, цемент тасымалдаушы вагон, фитингті платформалар сияқты 58 мың жүк вагондары бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды