- Басты
- Жаңалықтар
- «Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан бері «Аграрлық несие корпорациясы» 915 жобаны қаржыландырды
«Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан бері «Аграрлық несие корпорациясы» 915 жобаны қаржыландырды
Бүгінге дейін осы қаржыға шаруалар 77 мың бас ірі қара мал (ІҚМ) сатып алды. Бұл туралы аталмышкорпорацияның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсат - шағын және орта бизнесті еліміздегі етті мал шаруашылығын дамытуға жұмылдыру, етті бағыттағы мал басының үлесін арттыру, ІҚМ өсіру нарығында бәсекелік пен инфрақұрылымды қалыптастыру.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелер: сыйақы мөлшері жылдық 6 %, аналық ІҚМ басын сатып алу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге, бұқалар мен шаруашылықтың айналым қаражатын толтыру үшін несие 2 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Сонымен бірге, Корпорация 2012 жылдан бастап, еліміздегі 165 несие серіктестіктері арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие беруді жүзеге асыра бастады. Қазіргі күні осы жұмыстардың нәтижесінде несие серіктестіктері арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 170 қарыз беріліп, жалпы сомасы 1 млрд. 198 млн. теңгеден аса қаржыға 5829 бас ІҚМ сатып алынды.
Ағымдағы жыл басталғаннан бері (01.07.2013 жылғы мәлімет бойынша) корпорация 312 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 15 400 бас ІҚМ сатып алу үшін жалпы сомасы 2 млрд. 963 млн. теңгенің несиесін берді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме?