- Басты
- Жаңалықтар
- Елордалық Ішкі істер департаментінің қызметіне оң баға берілді - ІІМ
Елордалық Ішкі істер департаментінің қызметіне оң баға берілді - ІІМ
Жиында 2015 жылдың жұмыстағы жедел қызметтің қортындылары талқыланып, Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» халыққа Жолдауының талаптарын іске асыруда нақты қадамдар жайында сөз қозғалды.
Жиналыста бес институтционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша Президенттің тапсырмасына сай құрылған жергілікті полиция қызметіне аса назар аударылды.
Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров Мемлекет басшысының Жолдауы мен тапсырмаларына сәйкес, халықтың полицияға сенімін арттыру, полиция қызметінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында жеке құрамға нақты міндеттер мен талаптар қойылғандығы жайында атап кетті.
Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаты сайлауы қарсаңында және басқа да мемлекетіміз үшін маңызды уақиғалар кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз етуді күшейту шаралары қолданылуда.
«Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елордалық полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қорғап, уақытылы түрде «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесінің барлық периметрі бойынша заңға қайшы әрекеттердің жолын кесуде. Жалпы алғанда, ІІМ мен әкімшіліктің қолдауымен Ішкі істер департаментінің материалды-техникалық жабдықталуы жоғары деңгейде болып табылады», - делінген хабарламада.
Астана қаласы Ішкі істер департаментінің өткен жылдағы жұмыстағы жедел қызмет туралы ақпаратты тыңдап, ҚР Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Демеуов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру бойынша криминогенді жағдайды тұрақты ұстау бағытында жергілікті полиция қызметіне үлкен жауапкершілік артылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Марат Демеуов жаңадан құрылған қылмыстық кодекстің жағдайында жедел жұмыс қызметінің жақсартылуын қамтамасыз ету, қылмыс туралы келіп түскен барлық арыздар мен хабарламаларға жедел әрекет ету, оған қоса жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту қажеттілігін атап көрсетті.
Жалпы елордалық Ішкі істер департаментінің жұмысына оң баға беруге болады деп Марат Демеуов өз сөзін қорытындылады.
Өз кезегінде жеке құрамның алдында сөз сөйлеген Астана қаласы Әкімінің орынбасары Андрей Лукин жергілікті полиция қызметі жергілікті атқару органдарымен өзара әрекет ету алгоримдеріне тоқтала кетті. Елордалық полицейлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен заң бұзушылықтардың алдын алуда үлкен жауапкершілік артылады. Астана еліміздің маңызды қаласы болғандықтан, ІІД елорданың мәртебесіне сай келуі тиіс екенін атап айтты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек