- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгро» мен Павлодар облысының аграрлары егістік жұмыстары мен кооперативтер құруды талқылады
«ҚазАгро» мен Павлодар облысының аграрлары егістік жұмыстары мен кооперативтер құруды талқылады
Кездесуде атап өтілгендей, алдағы науқанды өткізуге және жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстары барысында аграрларды қолдауға «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлайды, оларды қарыз түрінде Холдингтің кейбір еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында бөлу болжанады.
Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды қаржыландыруға, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасының лизингіне «ҚазАгро» холдингінің компанияларымен меншікті және сырттан тартылған қаражат бағытталатын болады. Мысал үшін, өткен жылы АӨК басты даму институтымен егістік пен егін жинауды қаржыландырудың жиынтық сомасы бюджеттік несие қаражатын қоса есептегенде 101,2 млрд. теңгені құрады.
Сарапшылардың мәліметтері бойынша, «ҚазАгро» ұлттық холдингі Қазақстандағы барлық бидай өндірісінің 50% қаржыландырды. Жалпы алаңы 6,5 млн. га, өсірілген және жиналған егінді есепке алғанда «ҚазАгро» холдингінің қаражаты есебінен әрбір екінші тонна астық өндірілген.
Шаруашылықтарда кепілдік базасының жетіспеушілігі, ал кей кезде тіптен болмауы басты себептердің бірі болып табылатынын атап өту қажет, соның салдарынан көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржы қаражатын алудың қиындықтарына кездеседі. Несие ресурстарының жетіспеушілігі ауылдағы шағын және орта бизнестің басқа проблемаларына – нашар техникалық жарақтандырудың және өндірістің шағын тауарлылығының алғышарты болады.
«ҚазАгро» холдингінің кооперациялар принципінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі бастамасы мәселенің шешімі болуы мүмкін. Оның мәні, шаруалар бірігіп несие қаражаттарын алады, ал оларды қайтару кепілдігі кооперативтердің мүшелерінің бір-бірінің алдындағы жауапкершілігі болып табылады.
«Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарында өткен жылы табысты іске асырылған кооперациялар бойынша пилоттық жобаға Павлодар облысының бірқатар шаруашылықтары да қызығушылық танытқанын атап өту қажет. Тәжірибені зерттеу мақсатында 2015 жылғы желтоқсан айының басында павлодар аграрларының делегациясы Ақмола облысы кооперативтерінің - «Аймақтық Астық Холдингі» ЖШС мүшелерінің қорытынды кеңесінің жұмысына қатысты», - делінген хабарламада.
2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялары тобымен Павлодар облысының АӨК қолдауға 11,7 млрд.теңге бағытталды. Бұл республика бойынша холдингпен қаржыландырудың жалпы көлемінің 3,7%-ы (316,8 млрд. теңге). «ҚазАгроның» инвестициялық қоржынында Павлодар облысы бойынша жалпы құны 18,9 млрд.теңгенің 46 жобасы бар, оның ішіндегі 17 млрд.теңгенің 38 жобасы пайдалануға берілді, 1,5 мың жұмыс орнын құрылды. 2015 жылы жиынтық құны 7,8 млрд. теңгенің 10 жобасы іске қосылды және 567 жұмыс орны құрылды.
Өткен жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді қолдау шеңберінде Павлодар облысы бойынша 1,5 млрд.теңге сомасына 200 өтінім қаржыландырылды (ҚР бойынша барлығы –68 млрд. теңгеге 3248 өтінім). 4,3 млрд. теңге сомасына 390 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алуға шарт жасалды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады