- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: «Мәңгілік Ел» идеясын нығайтуға мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күшін бағыттау керек
Г.Әбдіқалықова: «Мәңгілік Ел» идеясын нығайтуға мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күшін бағыттау керек
Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының алғашқы күні «Зайырлы қоғам және биік руханият – бірлік пен келісім кепілі» деген тақырыппен өткен өңіраралық семинарға қатысты. Семинар жұмысына Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев, Мәдениет және спорт вице-министрі М.Әзілханов, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 4-ші – «Біртектілік пен бірлік» институционалдық бағытын жүзеге асыру, конфессияаралық қарым-қатынастарды үйлестіру және діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі кешенді мәселелерді талқылады.
Кіріспе сөзінде Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Қазақстанның даму векторын демократиялық, зайырлы және экономикалық дамыған мемлекет ретінде нақты айқындап бергенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының маңызды құндылығы – зайырлы қоғам және биік руханият еліміздің барлық азаматтарын бірігуге шақыратынын айтты. Нақ осы құндылықтарды қалыптастыруға және нығайтуға мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күшін бағыттау керек.
Сапар барысында Мемлекеттік хатшы мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында салынған, барлық талаптарға сай келетін заманауи озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген «Айлин» балабақшасына барды.
Сондай-ақ Г.Әбдіқалықова физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының шығармашылығымен, ғылыми-жобалық жұмыстары көрмесімен және жүргізіліп жатқан әлеуметтік тәжірибелермен танысты.
Жұмыс сапары аясында Мемлекеттік хатшы облыстың әйелдер қауымымен – мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, бизнес-қауымдастық, шығармашыл зиялы қауым және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Ұлт жоспарын жүзеге асыруға әйелдердің белсене қатысуы, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасылық-демографиялық саясатты дамыту мәселелері талқыланды.
Г.Әбдіқалықова Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауы әрбір қазақстандыққа, соның ішінде ел тұрғындарының басым бөлігін құрайтын әйелдер қауымына жаңа мүмкіндіктер ашып отырғанын атап өтті. Мәселен, Атырау облысында «Даму» қоры мен Азиялық даму банкі бірлесіп, 14 кәсіпкер әйелге 595 миллион теңге бөлсе, ЕҚДБ арқылы жалпы құны 895 миллион теңге болатын 17 жоба, соның ішінде 4 кәсіпкер әйелдің жобалары қаржыландырылған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері