- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Ахметов: «Нұр Отан» партиясының депутаттары сайлаушылардың 90% -ның аманатын орындады
Ж.Ахметов: «Нұр Отан» партиясының депутаттары сайлаушылардың 90% -ның аманатын орындады
«Бүгінгі күні 5 шақырылым депутаттары өз жұмыстарын жақсы деңгейде атқарып шықты деп айта аламын. Олар қала шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына, ал бірінші кезекте сайлау науқаны алдында өздеріне берген аманатты орындап шықты»,-деді ол.
Ж.Ахметовтың айтуы бойынша, бюджеттік бағдарламаны қабылдағаннан кейін депутаттар жергілікті атқарушы органдамен бірге азаматтардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлді. «Төрт жыл ішінде 124 933 квадрат метр тұрғын үй, 2 787 орынды балабақша салынды. Тұрғын үй жаңғырту бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлерге 2 миллиард теңге қаражат көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілді»,-деді ол.
«Қала әкімдігінің сайлаушыларымен қозғалған мәселелер толығымен орындалды. Барлық құдықтар жөнделіп, көптеген үйлердің жанында өсіп тұрған кәрі ағаштар кесілді. Энергетика мәселесі бойынша қозғалған сұраққа Сенат және Мәжіліс депутаттарына хат жолданды. Нәтижесінде, үкімет жаңадан сатып алынған объектілердің иелеріне техникалық шарттарын міндетті түрде ұсынуын және заңдастырылған энергетиканы нормасы алынып тасталды. Қаланың мәселелерін шешу кезінде, көмек және қолдау көрсетер уақытта депутат фракциялары әрдайым нұротандық Парламент Мәжіліс және Сенатпен қарым-қатынас жасайды»,-деп фракция жетекшісі айтып өтті.
Осылайша, фракция атынан Сенатқа, Мәжіліске, Қазақстан Республикасы Министрліктеріне 10 хат жолданды.
«2015 жылы депутаттық фракцияның 8 отырысы болып өтті. Ол жерде 25 сұрақ қарастырылды. Депутаттық фракция отырысы кезінде мониторинг жұмыстары жүргізілді. Көп жағдайда ұсыныстар оңтайлы шешіледі. «Тұрақты тұратын орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу туралы» сұрақты қарастыра келе, біз бейімделу орталығында болып, орталық алаңға жасалатын жөндеу жұмыстарын қарастырып, нәтижесінде 12 млн теңге қаражат берілді. Қазіргі күні қосымша алаң беру мәселелелрі қарастырылуда»,-деді Ж.Ахметов.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды. Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.
Анар Тәңірқұлова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет