ҚҰКП ынтымақты зейнетақы жүйесіне көшу ұстанымын қолдайды – А. Қоңыров

12 Қараша, 2013 13:20
«Халықтық коммунистер» фракциясының депутаттары ынтымақты зейнетақы жүйесіне көшу ұстанымын қолдайды, деп ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халықтық коммунистер» депутаттық фракциясының өкілі Айқын Қоңыров ОКҚ-нің баспасөз отырысында мәлімдеді.

«Бірыңғай зейнетақы қорын құру жағдайы бойынша біздің партия қордың құрылуын қолдайды. Алайда, бүгін жеке меншік зейнетақы жинақыларында проблемалар туындап жатқандығы байқалады. Кейбір жеке қорларда ақша жоғалғандығы туралы да мәлімет бар. Сондықтан партия ынтымақты зейнетақы жүйесіне көшу ұстанымын қолдап отыр», - деді А. Қоңыров.

«Фракцияның пікірінше, бірыңғай зейнетақы қоры тиімді және әділетті. Бірақ, ол тек қана тұрақты жалақы мен экономикаға белсенді араласатын халық көп жерде  толық жүзеге асады. Бүгінде ауылдық жердің орташа жалақысы, балық және орман шаруашылығы бойынша 48 мың, ал 67 мың білім беру саласында, медицина және әлеуметтік салада 78 мың теңгеге тиесілі. Өздерін жұмыспен қамтушылар саны азаймай, экономикалық  дамуды кідіртіп тұр. Демек, табыстың өсу жолы болмайды, яғни бірыңғай зейнетақы қорында жинақы қоры болмайды. Осы орайда фракция зейнетақы салымынан бас тартып, ынтымақты жүйеге келуді ұсынып отыр», - деді Қоңыров. 

Барлық жаңалықтар