Алматыда 13 мың нысан заңдастырылды

26 Қаңтар, 2016 20:43
Заңдастыру бағдарламасы аясында Алматыда 13 мың нысан заңдастырылды, деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ-да.

«Президенттің тапсырысы бойынша заңдастыру жүргізілуде. Бірнеше ай бұрын келген өтініштердің ішінен 25 пайызы қанағаттандырылды. Қазір 76,6 пайызы қаралуда, белгілі бір нысан заңдастырылуда, бұл кіріс бөлігін толықтырады. Айта кетерлігі, жалпы елде хаңдастырылған мүліктің 50 пайызы Алматыға тиесілі. Бұл 200 млрд теңгенің 13 мың нысаны», - деді Б.Байбек. 

Барлық жаңалықтар