СҚО-да мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша 17 жоба жүзеге асуда

12 Қараша, 2013 13:09
Сотүстүк Қазақстан облысында мемлекеттік-жеке серіктестік аясында «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен 17 жоба жүзеге асырылады, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік-жеке серіктестіктің дамуы бойынша бірқатар облысты сынға алған болатын.

«Сотүстүк Қазақстан облысында мемлекеттік-жеке серіктестік  аясында «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен 17 жоба жүзеге асырылады. Бұл мал шаруашылығы, құрылыс материалдарын  дайындау, табиғи құндылықтарды басқару бойынша жобалар», - деп хабарламада нақтыланған.

 Ең ауқымды жобалардың бірін «Петерфельд Агро» ЖШС  ұсынды. Оған құны 200 млн теңге тұратын қарыз берілді.

«» Петерфольд Агро» ЖШС-не 200 млн артық қарыз берілді. Аталмыш жоба өте қарқынды дамуда. Қарыздың қайтарылымы қатаң график бойынша жүзеге асады», - деп «Солтүстік» КӘҚК АҚ» басқарма төрағасы Нұрлан Омаров мәлімдеді.

Сондай-ақ, «Солтүстік» КӘҚК «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 18 жобаны жүзеге асырды.

Мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту үшін аймақта Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде.

 

Барлық жаңалықтар