- Басты
- Жаңалықтар
- Степногорсктің әскери бөлімінде 79 шақырылушы ант қабылдады (ФОТО)
Степногорсктің әскери бөлімінде 79 шақырылушы ант қабылдады (ФОТО)
Әскери ант берудің салтанатты шарасы Жауынгерлер Туын шығару мен ант берудің салтанатты сөздерімен басталды: «... Конституция мен егемен еліміздің заңдарын сақтап, Қазақстан халқы мен Президентке қызмет етуге ант беремін. Маған жүктелген міндеттерді орындауға ант беремін... ».
Әскер қатарына жаңадан қабылданғандар мен олардың ата-аналарын бөлім командирі, майор Жарқын Сапарьянов құттықтап, балалардың Отан алдында лайықты қызмет етіп шығатынына сенімін білдірді.
Әскери ант қабылдауға арналған салтанатты кешке жас жауынгерлер мен олардың ата-аналары, туған-туыстары, сондай-ақ Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев қатысты.
Қала басшысы, жас жауынгерлерді құттықтап, бүгінгі ант қабылдау күндері оларға ерекше күн екендігін айтып өтті.
Ә.Күмпекеев: «Қасиетті парыз- бұл жәй ғана айтылған әдемі сөздер емес, ол сал-дәстүр, патриоттық сезімді оятатын тәрбие» деп айтып өтті.
«Мемлекет басшысы айтып өткендей, әскери қызметкерлерге олардың әскери дайындықтары маңызды. Біздің еліміздің қорғаныс қабілеттігі келешекте қазақстанның 30 елдің қатарына кіруге септігін тигізеді. Ал, оған жетудің жолы Президенттің «Ұлт жоспары-Қазақстадық арманға бастайтын жол» атты мақаласында нақты айтылған»-деді әкім. Сондай-ақ, отанға қызмет етуге келген жас жауынгерлерге өз борыштарын ойдағыдай атқарып, үйлеріне аман-есен келулерін тіледі.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі