• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШЫҰ байқаушылар миссиясы Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқауға қатысуға шақырылды

ШЫҰ байқаушылар миссиясы Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқауға қатысуға шақырылды

26 Қаңтар, 2016 14:32
Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Әлимовпен кездесуді өткізді. Кездесу барысында тараптар Ұйым шеңберіндегі әрекеттестіктің жағдайы мен келешегін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ.

Ұйымның құрылуының 15 жылдығы қарсаңында саяси, экономикалық және гуманитарлық бағыттарды дамыту жөнінде терең пікір алмасылды.

Қазақстандық дипломат Р. Әлімовты ШЫҰ Бас хатшысының лауазымына тағайындалуымен құттықтады және ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың құттықтау хатын тапсырды.

Ш. Нұрышев 2016 жылғы 20 наурызда өтетін ҚР парламенттік сайлауын байқау үшін ШЫҰ байқаушылар миссиясын қатысуға шақырды.

Ескерту: Рашид Әлимов 2015 ж. жазда Уфадағы ШЫҰ саммиті кезінде ШЫҰ Бас хатшысының лауазымына тағайындалған. Алмасу ережелері бойынша, ол 2018 жылғы желтоқсанға дейін осы Ұйымды басқарады. 

 

Барлық жаңалықтар