- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да Ұлттық және өңірлік табиғи парктер аумағында туристік нысандар салынады
ОҚО-да Ұлттық және өңірлік табиғи парктер аумағында туристік нысандар салынады
Негізгі мақсаты - мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумақтарында туристік және демалу қызметін жүзеге асыру үшін туризм объектілерін салуға өңірдің кәсіпкерлерін тарту болып табылатын жиында «Сайрам-Өгем» МҰТП мен «Түркістан-Сырдария» МӨТП-нен ұсынылған 5 жер учаскесінің таныстырылымы өтті.
Атап айтқанда, «Сайрам-Өгем» паркінің Машат шатқалынан 4,4 гектарға (Түлкібас филиалы), Иіржол шатқалынан 1,5 гектарға (Төлеби филиалы) туристік кешен құрылысын жүргізу ұсынылса, Бак-Шелпек шатқалының 1,5 гектар аумағынан (Өгем филиалы) демалыс орнын салу жоспарланды. Сонымен қатар, туризм нысандары «Түркістан-Сырдария» табиғи паркінің Сырдария филиалындағы Байырқұм және Тақыркөл орманшылығының маңынан да бой көтеретін болды.
Жобалардың таныстырылым қорытындысы бойынша осы жылдың ақпан айында мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттік орман табиғи резерваттары жер учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша тендер өткізу туралы хабарландырулар беретін болды.
Айта кетейік, бүгінге дейін «Сайрам-Өгем» МҰТП-нің 9,5 мың гектардан астам аумағын құрайтын 218 жер учаскесі ұзақ мерзімді пайдалануға, 217 гектардан астам аумақты алатын 114 жер телімі қысқа мерзімді пайдалануға берілген.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы