• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әрбір шенеунік елде, қоғамда, өндірісте болып жатқан жағдайға жауап беруі керек – В. Косарев

Әрбір шенеунік елде, қоғамда, өндірісте болып жатқан жағдайға жауап беруі керек – В. Косарев

12 Қараша, 2013 12:53
Әрбір шенеунік елде, қоғамда, өндірісте болып жатқан жағдайға жауап беруі керек, деп ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халықтық коммунистер» депутаттық фракциясының өкілі Владислав Косарев мәлімдеді.

«Біз бүгін «Нұр Отан» партиясына Мемлекет басшысы өзгертулер енгізгенін айта аламыз. Қазіргі таңда жұмыс істейтін адамның қажеттілігі басты орынға шығады. Бұл біздің партияның бағытына сәйкес. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке берген тапсырмаларымен толық  біздің партия келіседі», - деді Владислав Косарев.

 «Мемлекет басшысының Қазақстан жалпыға бірдей еңбек қоғамы болуы керектігі жайлы сөзі өте нашар іске асырылуда. Былтырғы жылғы шілде айынан бері іске асырылып келе жатқан Үкімет дайындаған бағдарламаның жеткен жетістігі сол, ол бойынша өз бетімен күн көрушілердің бар-жоғы 25 мыңы ғана жұмысқа орналастырылды. 2,5 миллионның қасында 25 мың деген не? Бұл бір-ақ процент. Егер Үкімет пен жергілікті атқару органдары жұмыспен қамту мәселесін осындай қарқында шешетін болса, ал жұмыспен қамту дегеніміз ол – өмір сүру шарты, өз тауарыңды, және ең алдымен барлық өнімдерді өндіру шарты, онда біз бұл бағдарламаны жүз жыл бойы шешетін боламыз. Бұлай істеу жарамайды, біз Мемлекет басшысының әр шенеуніктің еліміздегі, қоғамдағы және өндірістегі әрбір іс үшін жауап беруі қажет деген көзқарасын қолдаймыз», - деді В. Косарев.

Барлық жаңалықтар