2015 жылы Алматы бюджетке 1 трлн 36 млрд теңге қаржы құйды

26 Қаңтар, 2016 11:24
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі өткен жылда қала бюджеті тұңғыш рет триллион теңгеден асып түскендігін мәлімдеді.

«Өткен жылы мемлекеттік бюджетке салық пен төлем түрінде 1,363 трлн. теңге түсті. Оның ішінде бюджеттік түсімдердің 1 036,0 теңгесі республикалық бюджетті құраса, 326,7 млн теңгесі бюджетке аударылған қаражат.Алматы қаласы түсімдерінің үлес салмағы 26,3 пайызды құрап, Қазақстан республикасы бюджетінің негізгі донорына айналып отыр», - деді Б.Байбек.

Айта кетейік, жергілікті бюджет бойынша түсім 6 пайызға көбейген.

 

Барлық жаңалықтар